Карлос Пратес: « Кім жеңсе де, келесі қарсыласы менмін…»

Карлос Пратес: « Кім жеңсе де, келесі қарсыласы менмін…»

UFC рейтингінде екінші орында тұрған Карлос Пратес келесі чемпиондық жекпе-жекке үміткер екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилиялық файтердің айтуынша, соңғы айқасынан кейін ол UFC басшылығымен және ұйым президенті Дана Уайтпен болашағы туралы сөйлескен.

Карлос Пратес өз сөзінде келесі титулдық мүмкіндікке дәл өзі лайық деп есептейтінін айтты.

«Мен Дана Уайтпен және UFC өкілдерімен сөйлестім. Кейбір мәселелерді талқыладық, бірақ бәрін айта алмаймын. Дегенмен келесі чемпиондық жекпе-жекке мен шығамын деп ойлаймын. Ислам Махачев пе, әлде Иэн Гарри ме кім жеңсе де, келесі қарсыласы менмін» деді файтер. 

Сондай-ақ Пратес чемпион атанғаннан кейін Илия Топурияға жартылай орта салмаққа көтеріліп, жекпе-жек өткізуді ұсынғысы келетінін жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или