1XBET - ставки на спорт

Қазақстандық теннисшілер Түркіменстанды жеңіп, турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисшілер Түркіменстанды жеңіп, турнирін сәтті бастады

Шымкентте 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңі (Азия/Мұхит жағалауы аймағы) басталды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport + сайтына сілтеме жасап.

Топтық кезеңнің алғашқы турында Қазақстан құрамасы Түрікменстаннан келген қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, 3:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Тартысты Ахмади Маханов бастап, Сулейман Худайбердиевті қос сетте де құрғақ есеппен бет қаратпай ұтты – 6:0, 6:0. Екінші болып кортқа шыққан Аңсар Ниетқалиев Әли Гельдыевтен басым түсіп, құрама қоржынына екінші ұпайды салды – 6:0, 7:5. Кездесудің нүктесін жұптық сында өнер көрсеткен Ахмади Маханов пен Родион Трайгель дуэті қойды. Олар Әли Гельдыев пен Керимгельди Кулдурдыев тандемін 6:1, 6:2 есебімен қапы қалдырды.

Турнирде Қазақстан жасөспірімдері D тобында өнер көрсетіп жатыр. Іріктеудің келесі кезеңіне өту үшін отандастарымызға өз тобында алғашқы екі орынның бірінен көріну қажет. Айта кетейік, бұл төрттікте олардан бөлек Оңтүстік Корея (2) және Пәкістан құрамалары да бар.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жоғарылады

Юлия Путинцева Париждегі турнирден шет қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или