Fight Night шілде айында өтеді
Ultimate Fighting Championship ұйымы Абу-Дабиде өтетін UFC Fight Night турнирін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс 25 шілде күні Яс аралындағы «Этихад Аренада» өтеді. Әзірге турнирге қатысатын файтерлердің есімдері жарияланған жоқ.
Абу-Даби UFC турнирлерін тұрақты түрде қабылдап келеді. Бұл ұйым мен БАӘ астанасының мәдениет және туризм департаменті арасындағы ұзақмерзімді серіктестік аясында жүзеге асып отыр.
Айта кетейік, 2025 жылдың шілдесінде дәл осы аренада Роберт Уиттакер мен Ренье Де Риддер арасындағы басты жекпе-жек өткен болатын. Ал қазан айында Том Аспиналл мен Сириль Ган титулдық айқас өткізді.
Шілдедегі турнирдің билеттері жақын уақытта сатылымға шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или