Александр Бублик үздік ондыққа оралды

Александр Бублик үздік ондыққа оралды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен әлемдік рейтингіде қазақстандық спортшылардың орындары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11-ден 10-сатыға көтеріліп, өзінің үздік көрсеткішін қайталады.

Қазақстандық теннисші осы аптада Женева (Швейцария) ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді. А.Бубликтің бұл жарысқа өткен жылы қатыспағанын ескерсек, сәттілік серік болған жағдайда ұпай қорын толықтыратындай мүмкіндігі бар. 

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко 85-тен 89-ға, ал Тимофей Скатов 188-ден 191-ге, Бейбіт Жұқаев 297-ден 298-ге, Михаил Кукушкин 281-ден 300-ге төмендеді.

Т.Скатов осы аптада Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды. Ол Франция ашық біріншілігі іріктеу жарысының ширек финалында әлемнің 143-ракеткасы, даниялық Эльмер Мёллермен кездеседі.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жоғарылады

Юлия Путинцева Париждегі турнирден шет қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или