Досбол Елеген Ташкентте жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер Досбол Елеген (13-8) келесі қарсыласы кім екенін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы қазақстандық Орталық Азия жекпе-жек лигасы ұйымдастыратын Ташкенттегі OCTAGON 87 турнирінде жұдырықтасады. 13 маусымда Елеген жергілікті «Хико» лақап атымен танымал Хикматилло Абдуллаевпен (9-3-2) кездеседі.
Турнирдің басты шайқасында тәжікстандық Фазлиддин «Карим» Мадрахимов (16-6-1) мен өзбекстандық Мухиддин Мамаджонов (9-1-1) арасындағы уақытша жеңіл салмақтағы чемпиондық атағы үшін трилогиялық жекпе-жек өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или