Азия чемпионаты: Қытайда бес қазақстандық жеңіл атлет бақ сынайды
Бүгін, 18 мамырда Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы сынға түседі:
- Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру)
- Елизавета Матвеева (биіктікке секіру)
- Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру)
- Мария Ефремова (үш қарғып секіру)
- Полина Иванова (сырықпен секіру)
Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Елизавета Матвеева, Надежда Дубовицкая және Анастасия Рыпакова өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или