1XBET - ставки на спорт

Анна Данилина әлемдік рейтингіде ТОП-5-ке қайта кірді

Анна Данилина әлемдік рейтингіде ТОП-5-ке қайта кірді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 6 895 ұпаймен 8-ден 5-орынға көтерілді. Сөйтіп ол өзінің үздік көрсеткішіне (4) жақындады.

Қазақстандық теннисшінің алдында оның бұрынғы жұптасы, сербиялық Александра Крунич (6 905 ұпай) тұр.

А.Данилина америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге Рим (Италия) WTA 1000 турнирінің ширек финалына дейін жетіп, онда ресейліктер Мирра Андреева – Диана Шнайдерге жол берген еді. Кейін М.Андреева – Д.Шнайдер чемпион атанды.

Қазақстандық теннисші осы аптада ресейлік Екатерина Александровамен бірге Страсбург (Франция) WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді.

Жұптық сын рейтингісінде Юлия Путинцева 142-ден 181-ге, Жібек Құламбаева 187-ден 195-ке төмендеді.


Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте жоғарылады

Юлия Путинцева Париждегі турнирден шет қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или