Янник Синнер мансабындағы 29-титулын жеңіп алды

Янник Синнер мансабындағы 29-титулын жеңіп алды

Италиялық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы және төрт дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы Янник Синнер мансабындағы 29-титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Чемпионат-қа сілтеме жасап.

Бүгін, 17 мамырда ол Римде (Италия) өткен «Мастерс» турнирінің шешуші кездесуінде норвегиялық спортшы Каспер Руудты (25-орында) 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, жеңіске жетті.

Рууд пен Синнер арасындағы кездесу 1 сағат 44 минутқа созылды.

Бұл италиялық теннисшінің осы маусымдағы бесінші титулы. Ол бұған дейін Индиан-Уэллс, Майами, Монте-Карло және Мадридтегі турнирлерде жеңіске жеткен. Римдегі жеңіс Янник Синнерді тарихта алты рет қатарынан «Мастерс» титулын жеңіп алған алғашқы ойыншы етті.


Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или