Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин (ATP рейтингінде 945-орында) Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жекелей сынын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеудің жартылай финалында Ломакин австралиялық Арьюн Мехротрамен (1541-орында) кездесіп, оны үш сетте 6:7, 6:3, 6:1 есебімен жеңді.
Кездесу 2 сағат 4 минутқа созылды.
Енді Григорий негізгі кезеңге өту үшін жапониялық теннисші Рётаро Тагутимен (995-орында) кездеседі.
Бангалордағы турнирдің жүлде қоры 63 000 доллар. Жеңімпаз 9500 доллар және 50 рейтингтік ұпай жинайды. Америкалық теннисші Киган Смит (289-орында) турнирдің басты фавориты.
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или