Украиналық спортшы Римдегі турнирдің жеңімпазы атанды
Украиналық теннисші Элина Свитолина Римде өткен WTA-1000 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шешугі кездесуде әлемнің оныншы ракеткасы WTA рейтингінде төртінші орында тұрған АҚШ өкілі Кори Гауфтан басым түсті. Матч екі сағат 50 минутқа созылып, Свитолина үш сетте жеңді – 6:4, 6:7, 6:2.
Ширек финалда украиналық теннисші Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакинаны жарыс жолынан шығарған еді.
Римде өткен WTA-1000 турнирінің жүлде қоры 7 228 080 еуроны құрады. Жеңімпаз 1 055 285 еуро жүлде қоры мен 1000 WTA рейтингтік ұпайын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или