Виктор Юрк қарсыласын дәл соққысымен нокаутқа жіберді
Германияда өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіліп көрмеген ауыр салмақтағы боксшы Виктор Юрк жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мангейм қаласында ұйымдастырылған кеште ол колумбиялық Эдвин Кастилльомен қолғап түйістірді. Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды.
Виктор Юрк қарсыласын алғашқы дәл соққысымен нокаутқа жіберді. Басынан ауыр соққы алған Кастилльо орнынан тұра алмай қалды.
Осылайша, 26 жастағы Германия өкілі кәсіпқой рингтегі 14-жеңісіне қол жеткізді. Оның 12 жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған.
Айта кетелік, ал 23 жастағы Эдвин Кастилльо кәсіби мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.
Қазақстан құрамасының бапкері қателіктермен жұмыс жүргізуге уәде берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или