Жібек Құламбаева Италиядағы турнирде жеңіліп қалды
Қазақстандық Жібек Құламбаева Пармада өтіп жатқан WTA 125 турнирінің жұптық сынында аргентиналық теннисші Николь Фосса Уэргомен бірге жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалдық кездесуде Куламбаева мен Фосса Уэрго италиялық Марта Ломбардини мен Федерика Уергесимен кездесті.
Кездесу 30 минутқа созылып, италиялық теннисшілер 6-2, 6-4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдегі өнерін жартылай финалдық кезеңде аяқтады.
Пармадағы WTA 125 турнирі 11-16 мамыр аралығында өтеді, ал жүлде қоры 115 000 АҚШ доллар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или