Майк Тайсон жекпе-жекте Джейк Полдан екі есе аз ақша алған

Майк Тайсон жекпе-жекте Джейк Полдан екі есе аз ақша алған

Майк Тайсон мен Джейк Пол арасындағы өткен жекпе-жектің ресми келісімшартындағы гонорар көлемі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәліметке сәйкес, 2024 жылы өткен айқасқа арналған келісімшарттың қол қойылған көшірмесі аукционға шығарылған. Құжатта екі боксшыға да ресми түрде екі миллион доллар төленуі тиіс болғаны көрсетілген.

Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, спортшылардың нақты табысы әлдеқайда жоғары болған. Джейк Пол шамамен 40 миллион доллар, ал Майк Тайсон 20 миллион доллар көлемінде табыс тапқаны айтылды.

Жекпе-жек 2024 жылдың қараша айында Арлингтон қаласындағы стадионда өтіп, Netflix платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілген. Турнирге 59 мыңнан астам көрермен келген. 

Сарапшылардың айтуынша, бокс кештеріндегі ресми келісімшарттағы сома көбіне спортшылардың шынайы табысынан төмен көрсетіледі.

Айта кетелік, сондай-ақ билет сатудан түскен табыс 18 миллион доллардан асқаны белгілі болды. 

Қазақстан құрамасының бапкері қателіктермен жұмыс жүргізуге уәде берді




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или