Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының ең үздік боксшысы атанды

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының ең үздік боксшысы атанды

Қазақстандық боксшы Аяулым Оспанова Ташкентте өткен 15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен спортшы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол қытайлық Ди Цяоны төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.

Осы жеңістің арқасында Аяулым Оспанова Азия чемпионатын үш мәрте ұтқан спортшы атанды. Бұған дейін ол 2025 жылғы жасөспірімдердің Азия ойындарында және 2024 жылы Абу-Дабиде өткен мектеп оқушылары арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль иеленген болатын.

16 жастағы боксшы Қазақстан ішінде Қарағанды облысының намысын қорғайды. Ол Шахтинск қаласында дүниеге келген және бокспен алты-жеті жасынан бері айналысады.

Айта кетелік, Аяулымды спортқа бапкерлер Александр Насибулин мен Рамазан Мизамбаев алып келген.

Қазақстан құрамасының бапкері қателіктермен жұмыс жүргізуге уәде берді




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или