Нуно Каштру ҚПЛ-дағы қателіктер туралы айтты.
2026 жылдың 14 мамырында Қазақстан футбол федерациясы Премьер-лига және Бірінші лига клубтарының басшыларымен онлайн форматта жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Жиын 2026 жылдың 12 мамырында клубтардан түскен төрешілік пен матчтарды ұйымдастыру сапасына қатысты ұжымдық хатқа байланысты ҚФФ бастамасымен өтті.
Кездесуге Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының міндетін атқарушы Александр Кеплин, Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының жетекшісі Бақытжан Пазылхайыр және төрешілік, қадағалау және VAR дамыту департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру, сондай-ақ хатқа қол қойған клубтардың басшылары қатысты.Жиын барысында әр клубқа өз ұстанымын толық жеткізуге мүмкіндік берілді. Барлық клуб өкілі бұл хатты ультиматум ретінде қарастырмайтынын және Федерация басшылығына кадрлық мәселелер бойынша қандай да бір талап қоймайтынын айтты. Клуб басшыларының басым бөлігі бұл хат Федерациямен ішкі коммуникация орнату үшін жазылғанын және ашық кәсіби диалогқа мүдделі екенін жеткізді.
ҚФФ төрешілік, қадағалау және VAR дамыту департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру клубтарға департаменттің жұмыс жүйесін таныстырды. Атап айтқанда, төрешілердің жұмысын бағалау тәртібі, УЕФА стандарттары бойынша фитнес-тесттер, ойын ережелеріне қатысты тесттер мен видеотесттер, инспекторлардың жұмысы, сондай-ақ төрешілерді оқыту және сертификаттау тәсілдері туралы ақпарат берілді. Федерация қолданатын барлық стандарт пен құралдар УЕФА талаптарына толық сәйкес келетіні және Еуропаның жетекші футбол федерацияларында пайдаланылатыны айтылды.
Ирак құрамасының бес ойыншысы АҚШ визасын ала алмады