Ирак Әлем біиіншілігіне толық құраммен бармайды

Ирак Әлем біиіншілігіне толық құраммен бармайды

Ирак ұлттық құрамасының бес футболшысына АҚШ-қа кіруге арналған виза берілмеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Shafaq News агенттігінің мәліметінше, визадан бас тартылған ойыншылар қатарында Ибраһим Байеш («Әл-Зафара», БАӘ), Моханад Әли («Әл-Фуджайра», БАӘ), Заид Тахсин («Пахтакор», Өзбекстан), Хайдер Абдулкәрім («Әл-Наср», Сауд Арабиясы) және Әли Әл-Хамади («Лутон», Англия) бар. Виза не себепті берілмегені әзірге нақтыланбады.

Ирак футбол федерациясының өкілі Ғалеб Әл-Замели бұл мәселеге байланысты Халықаралық футбол федерациясымен байланыс орнатылатынын айтты. Федерация мәселені тез арада шешуге үміттеніп отыр.

Айта кетелік, 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе қорытындысы бойынша Ирак құрамасы бір топта Франция, Норвегия және Сенегал құрамаларымен ойнайды.

Ирак құрамасының бес ойыншысы АҚШ визасын ала алмады




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или