«Барселона» бапкері клубта қалу туралы шешім қабылдады
Неміс маманы Ханси Флик пен «Барселона» келісімшартты ұзарту бойынша толық келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа келісімшарт 2028 жылдың жазына дейін жарамды болады, оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. Енді тек құжаттарға ресми қол қою қалып тұр, деп жазады әлемге танымал инсайдер Фабрицио Романо.
61 жастағы маман бастапқы жеті ресми эль-класикосының алтауында жеңіске жеткен алғашқы бапкер атанды. Кеше «Камп Ноу» стадионында Испания Ла Лигасының 35-ші турында «Барселона» командасы өз алаңында «Реал Мадридті» қабылдап, 2:0 есебімен сенімді жеңген болатын.
Осы жеңістен кейін «Барселона» 91 ұпай жинап, екінші жыл қатарынан Испания чемпионы атанды. 77 ұпаймен «Реал Мадрид» Ла Лига турнир кестесінде екінші орында тұр.
«Барселона» басты қарсыласын жеңіп, чемпион атанды