Ла Лига: «Барселона» өз алаңында «Реал Мадридті» жеңді

Ла Лига: «Барселона» өз алаңында «Реал Мадридті» жеңді

«Камп Ноу» стадионында Испания Ла Лигасының 35-ші турында «Барселона» командасы өз алаңында «Реал Мадридті» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2:0 есебімен католондықтар сенімді жеңіске жетті. Голдарды Маркус Рэшфорд 9-минутта, ал Ферран Торрес 18-минутта гол соқты.

Осылайша, «Барселона» 91 ұпай жинап, екінші жыл қатарынан Испания чемпионы атанды. 77 ұпаймен «Реал Мадрид» Ла Лига турнир кестесінде екінші орында тұр.

Испания чемпионатының келесі турында «Барселона» сырт алаңда «Алавеспен» ойнаса, «Реал Мадрид» өз алаңында «Овьедо» командасын қонақ етеді.


«Бавария» «Ньюкасл» ойыншысына қызығушылық танытып отыр

«Ордабасы» мен «Қайрат» матчының өтетін күні өзгерді

Чемпиондар лигасы: аптаның үздік ойыншысы атағына кім лайық

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или