Чемпиондар лигасы: аптаның үздік ойыншысы атағына үміткерлер белгілі болды
УЕФА баспасөз қызметі 2025/2026 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта ойындарындағы «Аптаның үздік ойыншысы» атағына үміткерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тізімге «Пари Сен-Жермен» қорғаушысы Уильям Пачо мен «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Деклан Райс енді.
Пачо «Баварияға» қарсы ойында (1:1) 90 минут өнер көрсетті. Ал Райс командасының «Атлетико Мадридті» 1:0 есебімен жеңіп, финалға шығуына көмектесті.
Еуропадағы басты клубтық турнирдің финалы 30 мамырда Венгрияның Будапешт қаласында өтеді.
Италия А сериясының чемпионы белгілі болды
Жеті гол соғылған матчта «Интер Майами» жеңіліс құшты
Мексикалық қақпашы әлем чемпионатында рекорд орнатуы мүмкін
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или