Әйгілі қақпашы кезекті әлем чемпионатына қатысады
40 жастағы Гильермо Очоа 2026 жылғы әлем чемпионатында Мексика құрамасының сапында болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
40 жастағы мексикалық қақпашы үшін 2026 жылғы әлем чемпионаты алтыншы болады. Қазіргі уақытта Криштиану Роналду мен Лионель Мессиді қоса алғанда, сегіз ойыншы төрт жылда бір рет өтетін турнирде бес рет ойнады. Ешбір ойыншы алты әлем чемпионатында ойнаған емес.
Бұған дейін Мексиканың негізгі қақпашысы Луис Малагона жарақат алып, әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болған еді.
Гильермо Очоа 2014 жылғы әлем чемпионатындағы таңғажайып ойынынан кейін көпшілікке танымал болды. Очоа Мексика құрамасы үшін 152 матч өткізді.
Покатилов ойнайтын «Сабах» Әзірбайжанда үздік шықты
Қазақстан кубогы: «Астана» өз алаңында «Тобылдан» жеңіліп қалды