Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркиядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркиядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық үстел теннисшілері Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен WTT Feeder Istanbul турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандастарымыз аралас жұптық бәсекеде қола медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында қазақстандық жұп Хакан Ышық/Өзге Йылмаз (Түркия) жұбын 3:2, Эдвард Ли/Мо Чжан (Канада) тандемін 3:0, сондай-ақ Анастасиос Риниотис/Элисавет Терпу (Грекия) жұбын 3:1 есебімен жеңді.

Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Чхве Дживук/Ким Ынсо (Оңтүстік Корея) жұбына 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.

Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

Ескек есу слаломынан Қытайдағы Азия чемпионаты: ұлттық құраманың тізімі

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Шанхайдағы Гран-при турниріне қатысады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или