Үстел теннисінен жастар арасындағы АЧ: Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

Үстел теннисінен жастар арасындағы АЧ: Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

Таиландтың Бангкок қаласында өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрлық біріншілігінде U19 және U15 жас санаттарында жүлделер сарапқа салынады. Төменде алдағы Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімі ұсынылған.

U19: Алан Құрманғалиев, Қадырәлі Қабдылуахитов, Нұрислам Қасым, Арнұр Оралханов, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Алиса Цвигун, Дарья Гамова.

U15: Нұрдәулет Азаматұлы, Мансұр Сүйіндік, Игитали Сұлтанмұратов, Марлен Жұмағұл, Мария Лукьянова, Жәния Бекмұхамбетова, Ойдин Камилжанова, Амира Әлімгерей.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңін өткізуде. Спортшылар Астана қаласында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 27 маусым мен 4 шілде аралығында өтеді.

Қазақстандық спортшы Түркияның клубымен келісімшартқа қол қойды

Қазақстандық спортшылар WTT Contender Zagreb турниріне қатысты

Қазақстандық спортшы Францияның клубына ауысты

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или