Қазақстандық теннисші Швециядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Швециядағы турнирде жеңіске жетті

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсинборг қаласында өткен WTT Youth Contender турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 19 жасқа дейінгі санатта алтын медаль жеңіп алды.

Турнир барысында Алан Хьюго Джобсты (Швеция) 3:0, Обада Таббаха (Швеция) 3:0, Балажа Поора (Венгрия) 3:1, Абхинандха Прадхивадхи (Индия) 3:2, Яна Мругала (Польша) 3:0, Йохана Хавстина (Дания) 3:1 есебімен жеңді.

Финалда Құрманғалиев Самуэль Михнаны (Польша) 3:1 есебімен ұтты.

Айта кетейік, теннисші жеңісі үшін 1000 рейтингтік ұпай жинады.

Әлемнің үшінші ракеткасы «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жетті

Анна Данилинаның «Ролан Гаррос» турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды

Елена Рыбакинаның Лондонда өтетін турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или