Күрестен Қазақстан кубогының екінші күні аяқталды

Күрестен Қазақстан кубогының екінші күні аяқталды

Алматыда Almaty Arena-да күрестен Қазақстан кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың екінші күнінде грек-рим күресі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Бес салмақ дәрежесінде «классик» балуандар үздік атақ үшін бақ сынады.

Турнирде өз салмақтарында белгілі қазақстандық балуандар Демеу Жадыраев пен Айдос Сұлтанғали сенімді жеңіске жетті.

Төменде жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі берілген:

60 кг

  1. Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы)
  2. Ербол Камалиев (Алматы облысы)
  3. Аманғали Бекболатов (СҚО), Айбек Айтбеков (Астана)

63 кг

  1. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)
  2. Дәулет Әшірханов (Жамбыл облысы)
  3. Бақытжан Қабдыл (Алматы облысы), Еркебұлан Ардақов (Алматы)

77 кг

  1. Демеу Жадыраев (Алматы облысы)
  2. Қаһарман Кисметов (БҚО)
  3. Тамерлан Шадукаев (Қостанай облысы), Юсуф Ашрапов (Жамбыл облысы)

82 кг

  1. Ибрагим Магомадов (Қарағанды облысы)
  2. Омар Сатаев (Шымкент)
  3. Диас Қалтай (Жетісу облысы), Альмир Төлебаев (Алматы облысы)

97 кг

  1. Юсуф Маци́ев (Қостанай облысы)
  2. Рахат Бержанов (Ақтөбе облысы)
  3. Салават Ахметқали (ШҚО), Бақлан Қуаныш (Астана)

Еске салайық, жарыстың бірінші күнінде грек-рим күресінің 55, 67, 72, 87 және 130 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде де жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған болатын.

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы басталды

Ризабек Айтмұхан RAF 10 турнирінде бақ сынайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или