Ризабек Айтмұхан RAF 10 турнирінде белдесу өткізеді

Ризабек Айтмұхан RAF 10 турнирінде белдесу өткізеді

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан АҚШ-та өтетін Real American Freestyle (RAF) лигасындағы келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйымдастырушы тараптың мәліметінше, қазақ балуаны 13 маусым күні Сент-Луис қаласында өтетін RAF 10 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы — америкалық спортшы, ұйым дебютанты Хейден Зилльмер.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан ұйымдағы соңғы кездесуін өткен айда өткізген. Ол онда Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен кездесіп, 6:12 есебімен ұтылған болатын.

Ризабек — 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері.

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында жеті медаль еншіледі

Қазақстандық классиктер Азия чемпионатында төрт медаль еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или