1XBET - ставки на спорт

Азия чемпионаты: Қазақстан төртінші алтын медалін жеңіп алды

Азия чемпионаты: Қазақстан төртінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасы күрестен Въетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Кезекті жарыс күнінде еркін және әйелдер күресінің балуандары бозкілемге шықты.

Майис Алиев (70 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.

Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Алтын Шағаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. 

Осылайша, ұлттық құрама еншісінде 16 медаль бар. Оның төртеуі алтын, сегізі күміс және төртеуі қола жүлде. Бұған дейін грек-рим күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Ислам Евлоев (97 келіге дейін) және әйелдер күресінен Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) бірінші орын алған еді.

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында жеті медаль еншіледі

Қазақстандық классиктер Азия чемпионатында төрт медаль еншіледі

Ризабек Айтмұхан RAF 10 турнирінде бақ сынайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или