«Қайсарға» қатысты ақпарат құралдарында жарияланған деректер шындыққа сәйкес келмейді
Қызылорданың «Қайсар» клубы бас бапкерге қатысты тараған ақпаратқа ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметі қазір команда ешбір бапкермен келіссөз жүргізбегенін хабарлады. Мәлімдемеде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған деректер шындыққа сәйкес келмейтіні айтылған.
Бұған дейін қазақстандық ақпарат құралдарында қазіргі бас бапкер Андрей Ферапонтовтың орнына бұрын «Ақтөбені» жаттықтырған Николай Костов келуі мүмкін екені жазылған еді. Сондай-ақ болгариялық маман Стамен Белчевтің аты да аталған.
Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры қорытындысы бойынша «Қайсар» алты ұпаймен турнир кестесінде 15-орнында тұр.
Айта кетелік, бұған дейін клуб директорының кеңесшісі Айбек Қабылша Ферапонтовтың тағдыры «Тобылға» қарсы матчтан кейін шешілетінін мәлімдеген болатын.
Ирак құрамасының бес ойыншысы АҚШ визасын ала алмады