«Бавария» Гордонды команданың негізгі футболшыларының қатарына қоспақ
Германияның «Бавария» клубы Англия құрамасының ойыншысы Энтони Гордонды сапқа қоспақ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Белгілі журналист Бен Джейкобстың мәліметінше, мюнхендік клуб 25 жастағы футболшымен жеке келісімге келіп қойған. Алайда клубтар әзірге трансфер бағасына қатысты ортақ шешім қабылдай алмай отыр.
Дереккөздің хабарлауынша, «Ньюкасл» ойыншы үшін 75 миллион фунт стерлингтен жоғары қаржы талап етуде. Клуб басшылығы Гордонды команданың негізгі футболшыларының бірі санайды.
Айта кетелік, биылғы маусымда Энтони Гордон барлық турнирде 46 матч өткізіп, 17 гол соғып, бес нәтижелі пас авторы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или