«Манчестер Юнайтед» тізгінін Каррик ұстауы мүмкін

«Манчестер Юнайтед» тізгінін Каррик ұстауы мүмкін

Ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубы бас бапкер қызметіне команда аңызы Майкл Каррикті тағайындамақ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sky Sports мәліметінше, клуб басшылығы мен Каррик арасындағы ресми келіссөздер маусымның соңғы турында басталуы мүмкін. Басшылық басқа мамандардың кандидатурасын да қарастырғанымен, негізгі басымдық дәл Каррикке беріліп отыр.

Клуб ішінде бұрынғы жартылай қорғаушының командамен байланысы, ойыншылармен қарым-қатынасы және клуб мәдениетін жақсы түсінуі жоғары бағаланып отыр. Сондай-ақ оның қысқа уақыттағы нәтижелері де басты негізге алынды.

Айта кетелік, Каррик жетекшілік еткен кезеңде команда 15 матч өткізіп, 10 жеңіске жетті және үш рет тең түсті.

Ирак құрамасының бес ойыншысы АҚШ визасын ала алмады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или