Дмитрий Бреус жалға алу мерзімінен кейін клубына қайтады
Қазақстандық жас хоккейші Дмитрий Бреус «Торпедо» клубына қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz «Трансферы КХЛ» арнасына сілтеме жасап.
22 жастағы қорғаушы өткен маусымды астаналық «Барыс» сапында жалға алу келісімі бойынша өткізген болатын. Бұл оның ҚХЛ-дегі алғашқы толыққанды маусымы болды.
Дмитрий Бреус 62 матчқа қатысып, мансабында алғаш рет 10 нәтижелі ұпай жинады. Оның есебінде бір гол және тоғыз нәтижелі пас бар.
Сонымен қатар қорғаушы 42 күштік әдіс жасап, 57 соққыны бөгеді. Оның мұз айдынындағы орташа уақыты 14 жарым минутты құраған.
Бреус IA дивизионындағы әлем чемпионатында да сәтті өнер көрсетті. Еске салсақ, Қазақстан құрамасы турнирде жеңіске жетіп, элиталық дивизионға қайта оралған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или