Челябі командасын енді Скотт Гордон жаттықтыруы мүмкін

Челябі командасын енді Скотт Гордон жаттықтыруы мүмкін

Челябінің «Трактор» клубында бас бапкер ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евгений Корешков уралдық клубтың тізгінін босатты. Бұл туралы команда ресми мәлімдеме жасады.

Корешков «Трактордың» бапкерлер штабына 2025 жылдың 21 қарашасында қосылған. Ал 16 желтоқсанда клубтың бас бапкері болып тағайындалған еді.

Маманның жетекшілігімен команда тұрақты чемпионат қорытындысында Шығыс конференциясында алтыншы орын алды. Корешков басқарған кезеңде «Трактор» 32 матч өткізіп, 18 жеңіске жетті.

Алайда Гагарин кубогының бірінші айналымында челябілік клуб «Ақ Барстан» серияда 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

«Спорт-Экспресс» мәліметінше, Евгений Корешковтың орнына Скотт Гордон келуі мүмкін.

63 жастағы америкалық маман бұған дейін НХЛ-дегі «Айлендерс» пен «Филадельфия» клубтарын жаттықтырған. Сонымен қатар ол «Торонто», «Сан-Хосе» командаларының бапкерлер штабында жұмыс істеп, 2010 жылғы Олимпиадада АҚШ құрамасының штабына кірген. 2011 жылы әлем чемпионатында АҚШ құрамасының бас бапкері болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или