Шон Стриклендтің келесі қарсыласы кім болатыны белгілі бола бастады
Ultimate Fighting Championship ұйымы орта салмақта чемпион Шон Стриклендке қарсы шығуы мүмкін басты үміткерлерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz UFC баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тізімнің басында Франция атынан өнер көрсететін Нассурдин Имавов тұр. Ұйым оның титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігін 56 пайыз деп бағалаған.
Одан кейін оңтүстікафрикалық Маркус дю Плесси орналасқан. Оның мүмкіндігі 45 пайызға тең деп көрсетілген.
Ал UFC-дің бұрынғы чемпионы Хамзат Чимаевтың жылдам реванш алу ықтималдығы 29 пайыз деп бағаланды.
Еске салсақ, UFC 328 турнирінде Шон Стрикленд Хамзат Чимаевті жеңіп, орта салмақтағы чемпиондық белбеуді тартып алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или