Рикардиньо «Қайрат» қатарынан кетті

Рикардиньо «Қайрат» қатарынан кетті

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо тараптардың өзара келісімі бойынша «Қайраттан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Рикардиньо сары-қаралар сапына 2025 жылғы шілдеде қосылды. Алғашқы голын дебют матчында «Тұранның» қақпасына соқты. Сондай-ақ бразилиялық футболшы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде лиссабондық «Спортингке» қарсы ойында нәтижелі пас беріп, лондондық «Арсеналдың» қақпасына гол соқты.

Жалпы Рикардиньо «Қайрат» сапында 32 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

«Қайрат» ФК Рикардиньоға команданың жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейді!», деп жазды клубтың баспасөз қызметі. 


«Ақтөбеге» трансферлік бан қойылуы мүмкін

«Ақтөбе» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті

Алматыдағы футбол матчында жаппай төбелес тіркелді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или