Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» бапкері атануға жақын

Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» бапкері атануға жақын

Қазақстандық маман Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» командасының тізгінін жақын арада ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Нұрбол Жұмасқалиев 1981 жылы 11 мамырда дүниеге келген. Кәсіби мансабында «Нарын» (Орал), «Жетісу» (Талдықорған), «Тобыл» (Қостанай), «Астана», «Ертіс» (Павлодар) клубтарында ойнады.

2018 жылдан бері «Тобылда» бас бапкер, Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар, ұлттық құрамада бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.

Қазірге дейін павлодарлық клуб тізгінін ұстаған Кирилл Альшевский бүгін қызметінен кетті.

«Ертіс» футбол клубының бас бапкері міндетін атқарушы болып уақытша Валерий Белгібаев тағайындалды.

Айта кетсек, беларусь маманы бұл қызметке қаңтар айында келді. Оған дейін тәжірибелі бапкер әр жылдары «Рух», «Лиепая», «БАТЕ», «РУОР», «Динамо» Минск сияқты клубтарда, сондай-ақ Беларусь жастар құрамаларының құрылымдарында жұмыс істеді.

«Ақтөбеге» трансферлік бан қойылуы мүмкін

«Ақтөбе» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті

Алматыдағы футбол матчында жаппай төбелес тіркелді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или