Қазақстанға ITTF туы табысталды

Қазақстанға ITTF туы табысталды

Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) туы ресми түрде Қазақстанға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, еліміз 2027 жылғы әлем біріншілігін өткізуді ресми түрде қолға алды. Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайтын Орталық Азиядағы алғашқы ел атанады. 2025 жылы өткен дауыс беруде еліміз Франция, АҚШ, Қытай және Бразилия сияқты мықтыларды артқа тастап, жеңіске жеткен болатын.

Астанаға 1250-ден астам ресми қатысушы (спортшылар, бапкерлер, төрешілер) келеді деп жоспарлануда. Жарыс бес дисциплина бойынша өтеді, ал Қазақстан қабылдаушы ел ретінде әр санатта қосымша квоталарға ие.Бұл турнир еліміздің спорттық имиджін нығайтып, Астананы әлемдік үстел теннисінің орталығына айналдырмақ.

Стенд атудан «трап» дисциплинасы бойынша іріктеу кезеңі өтуде

Қазақстан садақ атудан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесі үшін сынға түседі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или