UFC файтері Хамзаттың қайта оралуына күмән келтірді
UFC-дің бұрынғы файтері Дерек Брансон Нью-Джерсиде өткен турнирдің басты жекпе-жегінің нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты айқасында Хамзат Чимаев пен Шон Стрикленд кездесіп, чеченстандық файтер төрешілердің екіұдай шешімімен жеңіліп, орта салмақтағы чемпиондық атағынан айырылды.
Жекпе-жектен кейін Дерек Брансон әлеуметтік желіде Чимаевтің көңіл күйіне назар аударғанын жазды. Оның пікірінше, Хамзаттың дене қимылы мен эмоциясына қарап, жанкүйерлер оны жақын арада октагонда көрмеуі мүмкін.
Шон Стрикленд бұл кездесуде 48:47, 48:47 және 47:48 есебімен жеңіске жетіп, дивизионның екі дүркін чемпионы атанды.
Америкалық файтер алғаш рет чемпиондық белбеуді 2023 жылдың 9 қыркүйегінде UFC 293 турнирінде Исраэль Адесаньяны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңгеннен кейін иеленген еді. Кейін алғашқы титул қорғауында Дрикус дю Плессиге есе жіберіп, белбеуден айырылған болатын.