Белгілі бапкер UFC 328 турниріндегі төрешілер шешімімен келіспеді
Белгілі бапкер Сергей Торосян UFC 328 турнирінде Хамзат Чимаевтің Шон Стриклендтен жеңілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz MMA.Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.
Торосянның айтуынша, ол Чимаевтің бұл жекпе-жекте айқын басымдықпен жеңетініне сенімді болған. Сонымен қатар бапкер Хамзат қарсыласын алғашқы үш раунд ішінде мерзімінен бұрын жеңеді деп күткенін айтты.
Маман төрешілердің шешімімен келіспейтінін жеткізді. Оның пікірінше, Чимаев бес раундтың кем дегенде үшеуінде басым болған. Торосян Хамзат бірінші, үшінші және бесінші раундтарды алғанын атап өтті.
Сондай-ақ бапкердің сөзінше, Чимаев толық мүмкіндігін көрсете алмаған. Ол мұны салмақ қуу мен қалпына келу процесімен байланыстырды.
Еске салсақ, 10 мамыр күні өткен UFC 328 турнирінде америкалық Шон Стрикленд Хамзат Чимаевті төрешілердің екіұдай шешімімен жеңіп, UFC ұйымының орта салмақтағы чемпионы атанды. Стриклендтің еншісінде 31 жеңіс пен жеті жеңіліс бар. Ал Чимаев кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліп, рекордын 15 жеңіс және бір жеңіліске жеткізді.