Бұрынғы чемпионның есімі UFC тарихына жазылады

Бұрынғы чемпионның есімі UFC тарихына жазылады

UFC ұйымының бұрынғы орта салмақтағы чемпионы Крис Вайдман промоушеннің Даңқ залына енгізіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Нью-Джерсиде өткен UFC 328 турнирі кезінде ресми түрде жарияланды.

Крис Вайдман UFC-де 2011 жылдан 2024 жылға дейін өнер көрсетті. Ол 2013 жылы көпшілік күтпеген нәтижемен Андерсон Силваны жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген болатын. Кейін америкалық файтер титулын үш рет сәтті қорғады.

Мансабы барысында Вайдман UFC турнирлерінде жеті мәрте арнайы бонус алған. Ол ММА-дағы жолын Эрик Андерстан жеңілгеннен кейін аяқтады. Кәсіби рекорды — 16 жеңіс және 8 жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или