Чемпиондар лигасы финалына Аршавин де барады

Чемпиондар лигасы финалына Аршавин де барады

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы және Ресей құрамасының экс-футболшысы Андрей Аршавин Чемпиондар лигасының финалын тамашалауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда ағылшынның «Арсенал» клубы мен француздың «ПСЖ» командасы кездеседі. Ойын 30 мамыр күні Будапешттегі «Пушкаш Арена» стадионында өтеді.

Аршавиннің айтуынша, ол бұл маңызды матчты өз көзімен көргісі келеді. Бұрынғы футболшы «Арсенал» сапында 2009–2013 жылдар аралығында өнер көрсеткен.

Айта кетелік, қазір «ПСЖ» құрамында ресейлік қақпашы Матвей Сафонов ойнап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или