«Тұран» командасы «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысын қатарына қосты

«Тұран» командасы «Ақтөбенің» бұрынғы ойыншысын қатарына қосты

Түркістанның «Тұран» командасы 31 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Руслан Валиуллинмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Руслан Валиуллин - Орал футбол мектебінің түлегі. Кәсіби футболдағы жолын «Ақжайық» футбол клубында бастаған. 2017 жылы «Ақтөбе» клубымен келісімшартқа қол қойып, команда сапында 46 матч өткізді. 

2019 жылы Қостанайдың «Тобыл» клубы Руслан Валиуллинмен келісімшарт жасағанын жариялады. Кейін ол команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ, қостанайлық клубпен бірге 2023 жылғы Қазақстан Кубогын және 2024 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.

Өткен маусымды жартылай қорғаушы «Қызыл-Жар» футбол клубында өткізді. 

2021 жылы алғаш рет Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алып, Франция құрамасына қарсы матчта дебют жасады.

Алматыдағы футбол матчында жаппай төбелес тіркелді

Қазақстан кубогы: «Астана» өз алаңында «Тобылдан» жеңіліп қалды

«Қайрат» күтпеген жерден Қазақстан кубогынан шығып қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или