Sky Италиядағы теленарық дауына байланысты €1,9 млрд талап етті
Sky италиялық Telecom Italia және DAZN компанияларына қарсы €1,9 млрд көлемінде талап-арыз берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Даудың себебі 2021 жылы жасалған келісім. Сол келісім бойынша DAZN Италиядағы А сериясы матчтарын үш маусым бойы эксклюзивті түрде көрсету құқығына ие болған. Бұл мәміле Telecom Italia қатысуымен жүзеге асып, жалпы құны €2,5 млрдқа бағаланған.
2023 жылы Италияның антимонополиялық реттеушісі бұл келісімді бәсекелестікті шектейтін деп таныды. Sky компаниясының пікірінше, Telecom Italia мен DAZN арасындағы әріптестік оны нарықтан ығыстыруға бағытталған.
Айта кетелік, осыған байланысты Sky шамамен €1 млрд көлемінде жіберіп алған пайда үшін өтемақы талап етіп отыр. Ал пайыздар мен брендке келген шығындарды қоса есептегенде, жалпы талап сомасы €1,9 млрд-қа дейін жеткен.