Екі пенальти тағайындалған ойыннан соң арбитрлер жазаланды

Екі пенальти тағайындалған ойыннан соң арбитрлер жазаланды

Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лигадағы даулы матчтан кейін төрешілер бригадасына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

2026 жылғы маусымның 4-туры аясында өткен «Оңтүстік» пен «Тараз» арасындағы кездесуді талдау нәтижесінде бас төреші Николай Дышкант пен оның көмекшісі Дмитрий Дышканттың жұмысына берілген баға төмендетілді. Екі арбитр де ҚФФ аясындағы матчтарға қызмет көрсетуден белгісіз мерзімге шеттетілді.

Аталған ойын соңғы минуттардағы шешімдерге байланысты үлкен резонанс тудырды. Бас төреші «Тараз» қақпасына екі бірдей пенальти белгілеп, қонақтар сапындағы екі ойыншыға қызыл қағаз көрсетті.

Айта кетелік, кездесу «Оңтүстіктің» жеңісімен аяқталды. Матчтан кейін «Тараз» клубының өкілдері федерациядан Бірінші лигадағы төрешілік деңгейіне назар аударуды сұрады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или