Игорь Павлюк: «Қазақстан футболына қайта оралуым әбден мүмкін!»
«Астана» клубының бұрынғы спорт директоры Игорь Павлюк қазір «Сочи» командасында жұмыс істеп жүр. Ол бұл қызметке ауысу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның айтуынша, Қазақстаннан кету шешімі клубтағы жағдайға емес, отбасылық себептерге байланысты болған. Ол ұлымен көбірек уақыт өткізу үшін осындай қадамға барғанын атап өтті.
Айта кетелік, сонымен қатар Павлюк «Астана» клубына алғысын білдіріп, болашақта Қазақстан футболына қайта оралу туралы ойын жоққа шығармайтынын айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или