«Атлетик» жаңа бапкермен келісімге келді
Атлетик Бильбао клубы Эдин Терзичті бас бапкер қызметіне ресми түрде тағайындағанын жариялады. Тараптар 2028 жылдың жазына дейін екі жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Терзичтің соңғы жұмыс орны Боруссия Дортмунд болды. Ол бұл клубта 2018–2024 жылдар аралығында ассистент, бас бапкер және техникалық директор қызметтерін атқарған. Сонымен қатар маман Вест Хэм Юнайтед пен Бешикташ командаларында да еңбек еткен.
Айта кетелік, бұған дейін «Атлетикті» Эрнесто Вальверде жаттықтырған еді. Ол клубта 2022 жылдан бері жұмыс істеп, маусым соңында қызметінен кетеді. Вальверде жетекшілік еткен кезеңде команда 192 матч өткізіп, 91 жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или