Бернарду Силва: «Манчестер Сити» чемпиондық үмітін үзбейді

Бернарду Силва: «Манчестер Сити» чемпиондық үмітін үзбейді

Манчестер Сити жартылай қорғаушысы Бернарду Силва АПЛ-дегі чемпиондық бәсеке жайлы ойын айтты. Ол «Эвертонмен» өткен нәтижелі тең ойыннан (3:3) кейін команда соңына дейін күресетінін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшының сөзінше, мұндай матчтар турнирлік жағдайды қиындатады, алайда Англия Премьер-лигасы секілді бәсекеде бәрі өзгеруі мүмкін. Сондықтан «Сити» соңғы турларға дейін үмітін үзбейді.

Қазір «Манчестер Сити» 71 ұпаймен екінші орында, ал көш басында Арсенал (76 ұпай) тұр. Сонымен қатар «қалалықтардың» бір ойыны қорда бар, бұл чемпиондық интриганы сақтап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или