«НАК Бреда» жеңіліс нәтижесін өзгерте алмады
Нидерланд соты «НАК Бреда» клубының матчты қайта өткізу туралы талабын қанағаттандырмай, чемпионаттағы тұрақтылықты сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нидерландтағы Эредивизи аясында өткен даулы кездесуге байланысты сот шешімі шықты. НАК Бреда «Гоу Эхед Иглзге» қарсы 0:6 есебімен жеңілген ойынды қайта өткізуді талап еткен еді. Клуб қарсылас қорғаушысы Дин Джеймс ойынға заңсыз қатысты деп есептеді.
Алайда сот Королевский футбольный союз Нидерландов ұстанымын қолдап, қайта ойын өткізуге негіз жоқ екенін мәлімдеді. Ұйым футболшының жағдайында техникалық қателік болғанын мойындағанымен, оның салдарын ойыншы да, клуб та білмегенін ескерді.
Егер талап қанағаттандырылса, лигада 130-дан астам матчты қайта қарау қажеттілігі туындауы мүмкін еді.
Айта кетелік, бұл өз кезегінде турнирдің толық жүйесіне әсер етіп, үлкен ұйымдастырушылық дағдарысқа әкелуі ықтимал.