Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік жарыста алда келеді

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік жарыста алда келеді

Жаңартылған WTA рейтингінде қазақстандық теннисші үздіктер қатарындағы орнын сақтап, чемпиондық жарыста көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

WTA жариялаған жаңа рейтингте Елена Рыбакина чемпиондық жарыста 4113 ұпаймен көш бастап тұр. Ол қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан (4025 ұпай) және америкалық Джессика Пегуладан (2980 ұпай) алда келеді.

Маусым бойындағы тұрақты нәтижелер Рыбакинаның үздіктер қатарындағы орнын нығайтып отыр. Ол маңызды турнирлерде жинаған ұпайлары арқылы чемпиондық жарыстағы басты фавориттердің бірі саналады.

Айта кетелік, маусым финалдық турниріне іріктеу шегі 8045 ұпайды құрайды, сондықтан жарыстың шешуші кезеңі әлі алда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или