NAIZA 82 турнирінде айқын нокаут тіркелді
Қазақстандық файтер Дулат Кенесбеков Алматыда өткен NAIZA 82 турнирінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол октагонда Ерканат Дарбаевпен кездесті. Жекпе-жек ұзаққа созылмай, бірінші раундтың алғашқы минутында аяқталды. Кенесбеков жойқын оң қол соққысымен қарсыласын теңселтіп, артынша сериялы соққылармен аяқтады. Төреші айқасты мерзімінен бұрын тоқтатты.
Осы жеңістен кейін Кенесбеков кәсіби рекордын 5 жеңіс, 1 жеңіліске жеткізді. Ал Дарбаев мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырап, көрсеткіші 3-3 болды.
Айта кетейік, NAIZA 82 турнирі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или