КПЛ матчында «Қызылжар» бір ойыншысынан айырылды

КПЛ матчында «Қызылжар» бір ойыншысынан айырылды

Қазақстан Премьер-Лигасының 8-турында «Оқжетпес» Петропавлда өткен ойында «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Қызылжар алаңы саналатын Қарасай стадионы стадионында өтті. Ойынды атыраулық төреші Руслан Сұлтанғалиев басқарды.

Матч барысында алаң иелері допқа көбірек иелік еткенімен, қауіпті сәттер аз болды. Екінші таймда «Қызылжар» бір ойыншысынан айырылып, Неделько Пищевич тікелей қызыл қағаз алды.

Соған қарамастан, команда шабуылды күшейткен, бірақ Абинур Нұрымбеттің алыстан жасаған дәл соққысы жағдайды өзгертіп, «Оқжетпеске» жеңіс сыйлады. (0:1)

Айта кетелік, аталмыш жеңістен кейін Оқжетпес 15 ұпай жинап, КПЛ турнир кестесінің үздік үштігіне енді. Ал «Қызылжар» 11 ұпаймен жоғары орындар үшін күресті жалғастырып келеді.

«Қайрат» соңғы минутқа дейін қорғанып, жеңісті уыстан шығармады




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или