«Ақтөбе» Марат Хайруллиннің кеткенін хабарлады

«Ақтөбе» Марат Хайруллиннің кеткенін хабарлады

«Ақтөбенің» спорт директоры Марат Хайруллин қызметінен кетті, деп хабарлайды клубтың Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маманның келісімшарты өзара келісім бойынша бұзылды. Хайруллин бұл қызметке өткен тамыз айында тағайындалған болатын.

Айта кетейік, Қазанның тумасы Марат Хайруллин «Ақтөбе» сапында 2007 жылдан 2009 жылға дейін, содан кейін 2010 жылдан 2015 жылға дейін ойнады. Ол клубтың ең үздік бомбардирі. Хайруллин «қызыл-ақтардан» басқа, Қазақстанның «Оқжетпес», «Атырау», «Қайсар» және «Байқоңыр» командаларында да ойнады.

ҚПЛ-дың жеті турынан кейін «Ақтөбе» он ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

Қазақстан кубогы: «Астана» өз алаңында «Тобылдан» жеңіліп қалды

«Қайрат» күтпеген жерден Қазақстан кубогынан шығып қалды

Әубәкіров «Қайрат» қақпасына соғылған голдың қате есептелгенін мәлімдеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или